«Нұр-Отан Қазақстанның бәсекеге қабілетті ғылыми күш-қуаты үшін» тақырыбына ғылыми форум өтті. Форумда академик, халықтық-демократиялық «Нұр-Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым инистрі Ж.К. Түймебаев, Парламент мәжілісінің депутаты, акдемик К.А.Сағадиев, ҚР ҰҒА президенті М.Ж.Жұрынов, жоо ректорлары Т.Садықов, Т.Қожамқұлов, Д.Сүлеев және басқалары маңызды баяндама жасады. Еліміздің беделді ғылыми форумы «Нұр-Отан» партиясының ұдайы ғылымға қолдау көрсететіні, жаңа «Ғылым туралы» Заңның жасалуына ғылыми қоғамдастықты қатыстыра отырып ықпал ететіні жөнінде шешім қабылдады. |