14-16 мамырда Астанада ҚР БҒМ-нің жұмысшы тобы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын беру тәртібін жетілдірді. Құрамында Антонов В.А., Брейдо И.В., Сақтағанова З.Г., Табаева А.А., Хасеинов Қ.Ә., Яновская О. сияқты әйгілі ғалымдар бар топ вице-министр Шәмшиденованың К.Н. басшылығымен республикалық ЖОО оқытушысы конкурсын өткізудің регламентін жасайтын нормативтік-құқықтық құжаттарын жетілдіру бойынша елеулі жұмыс атқарды. Өзгертулер жасау ұсынылды: оқытушының қызмет көрсеткіштеріне жұмыстың екі жаңа түрін енгізу; қатысуға ЖОО факультет декандарын (институт директорларын) жіберу; конкурсты екі кезеңде өткізу; 1-кезең–жоо-ның ішкі, Ғылыми кеңестің ұсынысы бойынша; 2-кезең–республикалық, ҚР БҒМ комиссиясы өткізетін кезеңдер; грантты тағайындағанда оны алған уақытынан кемі үш жыл өтуі тиіс және б. Бұл екі ұсыныс әлі тиісті деңгейлерде талқыланады, содан кейін ғана Ережеде бекітіледі. |