18-мамырда Алматыда Халықаралық ақпараттандыру академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтті.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың акт залында ХАҒА жалпы жиналысының сесиясы жұмыс істеді. Оны бірінші проректор Ш.Б.Байысбеков құттықтау сөз сөйлеп ашты. ҚР Парламентінің депутаты, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ХАҒА академикі Дьяченко А.С. құттықтау хабарламасы оқылды. ХАҒА президенті,ҰҒА академигі Әбдіғапар Әшімұлы Әшімов баяндама жасады.
ХАҒА Бас директоры, т.ғ.д., профессор А.Ф.Цеховойдың « Ақпараттандырудың өзекті мәселелері және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асырудан туындайтын ХАҒА міндеттері., Қазақстанның әлемнің барынша дамыған 50 елі қатарына қосылу бағдарламасы және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» сыртқы саясаты» туралы мазмұнды баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ ХАҒА академиктері–У.Төкеев «Ғарыштық зерттеулердегі ақпараттық технология», В.Морозов «Телеметриялық төмен орбиталы жер серіктері жүйелері және технологиялары» тақырыптарына баяндамалар жасады.
Сессия жұмысында «Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының Ұлттық ассамблеясы туралы» (ҚР ҒҰҰА) Ереже жобасы талқыланды. Мақсаты, міндеттері және жұмыс түрлері ұйымдық құрылымы, басқару органдары және жұмыс тәртібі, ҚР ҒҰҰА міндеттері мен ену тәртібі туралы www.ndp-nurotan. Kz сайты немесе office@nanork.kz., сондай-ақ «Наука и высшая школа Казахстана» газетінің №10 15.05 санынан оқи аласыздар.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелер де талқыланып, олар бойынша да қаулылар қабылданды. |